Orda.kz дерегінше, тістемейді, жұқпалы дерт таратпайды, азық-түлікті жемейді. Бірақ жанаса кетсең, мұрын жарар иіс шығарады, артынан бетінде қоңыр дақ қалдырады. Бір-екеуі емес, қаптап кетсе, жиреніш туғызары анық.
Ең қызығы – бұлар қабырғаның ар жағынан сүңги салады.
Тор көзді москит сеткалар түкке тұрмай қалған: клоптар одан да өтіп кетеді. Мамандардың пайымдауынша, олардың табиғаттағы әдеті – ағаш қабығының астына тығылу, яғни кез келген тар саңылаудан кіріп кете алады.
Неліктен көбейіп кеткені белгісіз.
Сергей Колов, ҚР Зоология институтының маманы:
«2019 жылы да осындай жағдай болған. Бірақ нақты себебін айту үшін үлкен зерттеу керек. Биыл көктемде ылғал мен температура дәл керек уақытында үйлесті. Салдарынан дернәсілдердің бәрі дерлік өсіп шықты».
Бұған қоса, көктемде ағаштар мен жасыл желектерге тиісті өңдеу жүргізілмеген болуы мүмкін. Ол жұмысқа аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтер жауапты еді...
Қазір әкімдіктерге тұрғындардан шағым қарша борауда. Бірақ нақты әрекет байқалмайды.
⠀
Тұрғындардың жанайқайы:
«Әуезов пен Қабанбай батыр қиылысында тұрамыз. Жыл да болса да, биыл ерекше көп. 2–4-қабатта мүлдем тыныштық жоқ. Біз 3-қабаттамыз. Дихлофоспен улағанмен, әсер етпейді. Акиматқа жаздық – жауап жоқ. Telegram-ботқа өтініш қалдырдым – орындаушы тағайындалды. Бірақ бірнеше күн өтті, еш нәтиже жоқ», – дейді Евгений.
Ал тұрғын Анна былай дейді:
«Мамырдың ортасынан бастап қаптады. Өзіміз уладық, мамандарды да шақырдық. Бірақ тек кіреберісімізді улай аламыз. Ал негізі ағаштардың бәрін улау керек, өйткені олар солардан ұшады. Қазір бүкіл пластик заттарымызда қоңыр із қалдырып жатыр – уақытында сүртпесең, кетпейді».
Не істеу керек?
🔹 Умен күресу нәтижесіз – бүгін уласаң, ертең басқа ағаштан қайта ұшып келеді.
🔹 Ең тиімді жол – терезе, саңылауларды барынша герметизациялау.
🔹 Кешкі жарыққа ұшып келетіндіктен, қараңғы түскен соң терезе ашпай, жарықты қоспау ұсынылады.
Қысқасы, Алматы тұрғындары клоптармен бір үйде күн кешуге мәжбүр. Ал олармен күрес тек тұрғындарға емес, әкімдікке де сын болып тұр.