31 жастағы әйел баласын өлтіріп, мәйітін өз көлігінің жүксалғышына салған. 24 маусым күні өзі жергілікті полицияға келіп, қылмысын мойындаған. Тәртіп сақшылары айтылған мекенжайды тексеріп, кішкентай баланың денесін тапқан.
Сот-сараптама қорытындысы бала денесінде кемі 15 пышақ жарасы болғанын растады. Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, әйел баласын қаладан жырақтағы орманға апарып, сол жерде қасақана өлтірген.
Тергеу кезінде әйел бұл әрекетке әлеуметтік қызметтердің баласын тартып алмақ ниеті себеп болғанын айтқан. Тағы бір маңызды жайт – әйелдің саңырау-мылқау екені және жуырда ғана психиатриялық емханадан шыққаны анықталды.
Қазір Словакия құқық қорғау органдары бұл трагедияға не себеп болғанын егжей-тегжейлі тексеріп жатыр. Әсіресе психикалық ауытқуы бар адамның бақылаусыз қалуы мен соған қарамастан баласын өз қамқорлығында ұстауына кім жауапты екені — басты сауал болып отыр.
Бұл оқиға елдегі қамқоршылық жүйесіне, психиатриялық қызмет пен әлеуметтік бақылау тетіктерінеқатысты сындарды күшейтті.