Әлем

Италияда “ең жіңішке көлік” пайда болды: ені 80 см

Италия қалаларының бірінде таңғаларлық көлік көзге түсті – бұл кәдімгі Fiat Panda-ның “жартылай” нұсқасы іспетті. Кузовы қысқарған, дөңгелектері бір-біріне жақын, ал жүргізуші ойыншық көлік айдап келе жатқандай көрінеді, деп хабарлайды newsroom.kz

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда бұл өте жіңішке көлік еш қиындықсыз қала ішінде қозғалып жүр. Куә болғандар тамсанып, тоқтап суретке түсіріп жатқаны байқалады. Видеолардың кейбірі миллиондаған қаралым жинаған.

 Сырт көрінісіне қарағанда, бұл – түбегейлі өзгертілген Fiat Panda. Көлік тіпті бойлай кесілгендей. Арт-объектке ұқсайтын бұл көлік шын мәнінде бензинді қозғалтқышпен жүріп, біршама жылдамдық та жинай алады.

Автордың өзі әзірге пікір білдірмегенімен, желідегілер әзіл-қалжыңдарын аяп қалмады:
– "Мұндай көлікті жарты бағасына ала аламыз ба?",
– "Бұл – әрі көлікке, әрі жүйкеге арналған тамаша жылдамдық",
– "Кинодан алынған кадр сияқты", – деп пікір білдірген.

Көлікті кім жасап шығарғаны әлі белгісіз. Алайда желіде бұл нұсқа “әлемдегі ең жіңішке көлік” деген атқа ие болды.

Бірақ көлікті тойды атқаруға қолданатын біздің қазаққа бұл көлік жарамас...)