Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иран-Израиль арасындағы соғыс аяқталды

Трамп 12 күнге созылған Иран мен Израиль арасындағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social парақшасында жазба жариялады. 

Иран-Израиль арасындағы соғыс аяқталды
Фото: BBC

«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран толық атысты тоқтату туралы келісімге келді (шамамен алты сағаттан кейін, Израиль мен Иран қазіргі операцияларын аяқтаған соң), бұл келісім 12 сағатқа созылады. Содан кейін соғыс аяқталды деп есептеледі», — деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, «атыс тоқтағаннан кейін тараптардың әрқайсысы бейбіт болады әрі бір-біріне құрметпен қарайды».

«Бұл соғыс жылдар бойы жалғаса берсе, бүкіл Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді. Бірақ олай болған жоқ әрі ешқашан болмайды да», — деді Трамп.

Еске сала кетейік, кеше Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасаған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату