Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Украинаның әскери дрондары Қазақстан аумағынан ұшып өткен

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан әуе кеңістігінде украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) пайда болуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Украинаның әскери дрондары Қазақстан аумағынан ұшып өткен
Фото: ашық дереккөзден

"19 және 20 маусым күндері Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында Украина Қарулы күштерінің бірнеше ондаған дронының ұшқаны тіркелді. Олар Ресей аумағына соққы жасау үшін ұшып өткені анық сияқты. Мұндай әрекеттерді ОДКБ ұйымының одақтасына қарсы бағытталған қадам ретінде қатаң айыптаймыз", – деп мәлімдеді Захарова.

Ол сондай-ақ Украина билігі басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығына немқұрайлы қарайтынын айтып өтті.

"Бұл жағдай тағы да ҰҚШҰ (ОДКБ) аясындағы ұжымдық қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығын дәлелдейді", – деп түйіндеді Ресей СІМ өкілі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату