Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы уақыт ішінде 12 мыңнан астам нысан ел игілігіне берілген. Оның ішінде:
567 – көпқабатты тұрғын үй,
11,4 мың – жеке үй,
16 – жатақхана.
Ең көп үй Астанада – 1,5 млн ш.м., Алматыда – 1,1 млн ш.м. және Алматин облысында – 463 мың шаршы метр салынған.
Ал құрылыс көлемі ең көп артқан өңірлер:
– Түркістан облысы (+25,5%),
– Шымкент (+23,4%),
– Алматин облысы (+20,4%).
Тұрғын үйдің 94%-дан астамы – жекеменшік құрылыс компанияларының үлесінде. Олардың қатарында қарапайым халық өз қаржысына салған 2,17 млн шаршы метр үй де бар.
Сонымен қатар еліміздегі құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 5 айда 15,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. Өсім 18 өңірдің бәрінде тіркелген.
Бұған дейін хабарланғандай, ипотекалық мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы шешім уақытша кейінге шегерілген. Қаржы реттеушісі банктерге жаңа талаптарға бейімделу үшін 1 қарашаға дейін мерзім берген.