Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Израиль мен Иранда қанша қазақстандық бар?

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазіргі уақытта Израиль мен Иранда қанша қазақстандық азамат бар екені туралы ақпарат берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Израиль мен Иранда қанша қазақстандық бар?
Фото: ЖИ

СІМ өкілі Қазақстанның елшілігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

- Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы бар. Дипломаттар олармен тұрақты түрде байланыста. Иран мен Израиль аумағындағы Қазақстан азаматтарына тұрғылықты мекенінен шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және жергілікті биліктің нұсқауларын ұстануға кеңес береміз, – деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін, Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 109 қазақстандықты эвакуациялағанын мәлімдеген едік. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату