Құдық терең әрі ішіне түрлі қалдықтар мен қоқыс тасталған екен. Қызды құтқаруға көршісі – ауылдың спорт жаттықтырушысы Нұрбол Бердіғалиев кірген. Алайда құдық түбіндегі өткір иіс пен газдың әсерінен ол да қайта шыға алмай қалған.
Құтқарушылар екеуін де ес-түссіз күйде сыртқа алып шыққан. Жедел көмек көрсетілгенімен, екеуі де көз жұмған.
Байғанин ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл – бұрынғы шахта орны. Екі үйге ортақ болған. Құдықтың аузы ағаш тақтайлармен және ескі дөңгелекпен жабылыпты. Тереңдігі шамамен 10 метр. Соңғы жылдары пайдаланылмағандықтан, тұрғындар оған қоқыс лақтыра бастаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала мен көршісі иістен уланған.