Ақша бәрін шешеді
Соңғы аймақтағы геосаяси шиеленістер аясында Израиль барлауының Иран аумағында қалайша осынша тиімді жұмыс істеп отырғаны көпшілікке қызық болып отыр. Бұл сұрақтың жауабы қарапайым — ақша.
Автордың айтуынша, Иранда жемқорлық барлық саланы жайлаған. Елге келген шетелдік журналист те әр қадамын түрлі төлемдермен бастаған: аккредитация алу үшін, агенттіктермен жұмыс істеу үшін, әрбір қызмет үшін жеке төлем талап етілген. Барлық деңгейдегі шенеуніктер өз үлесін алуға тырысады.
Миллион долларлық сатқындық
2024 жылы Тегеранда ХАМАС ұйымының жетекшілерінің бірі Исмаил Хания көз жұмды. Оның өліміне қатысты бірнеше нұсқа бар: бірінде — бөлмесіне бомба қойылған, екіншісінде — жақыннан соққы жасалған. Кей деректер бойынша, бұл іске оның күзетшісі қатысқан болуы мүмкін, оған 6 миллион доллар төленгені айтылады. Рас-өтірігі белгісіз, бірақ мұнда кез келген құпияның бағасы бар екені анық.
Заң бар, бірақ пара бәрін шешеді
Ресми түрде Иран — шариғат заңдарын қатаң ұстанатын ислам республикасы. Алайда елде алкоголь мен жезөкшелік жасырын емес. Спирттік ішімдіктер мен жезөкшелікпен айналысатындар полицияға пара беріп, кедергісіз жұмыс істейді. Валюта айырбастау ісінде де ресми және қара нарықтағы айырмашылық орасан: полицейлер бұл бизнестен де табыс тауып отыр.
Моссадтың тактикасы: бәрі сатылады
Осындай ортада Израильдің Моссад барлауына агенттік желі құру аса қиын болмаған. "Аз ақшаға сатылмаса — көп ақшаға сатып аламыз" қағидасы толық іске асқан. Бұл жүйе 13 маусымдағы оқиғалар кезінде айқын көрінді. Израиль барлауы әскерилердің, ПВО жүйелерінің, жойғыш ұшақтардың орналасуын алдын ала білген. Бірінші соққы Иран қорғанысының басым бөлігін жойды.
Бұл ақпаратты сатып алынған агенттер қамтамасыз еткен.
Жоғарғы билік хабарсыз
86 жастағы рухани көшбасшы Али Хаменеи ауыр сырқат, әрі нақты ақпараттан оқшауланған. Оған тек жағымды жаңалықтар ғана жеткізіледі. Ал жүйенің шіріп біткені маусымдағы оқиғалардан кейін ғана белгілі болды.
Патриотизм де саудаға түсті
Шетелдік барлау қызметтерімен жұмыс істейтіндер үшін патриотизм мәселесі тіпті туындамайды. Олар жеке пайдасын бірінші орынға қойған. Ал Израиль үшін бұл Ирандағы агенттік желіні әрі қарай дамытуға қолайлы орта қалыптастырып отыр.
Дереккөз: Telegram-канал Георгия Зотова