Қаңтар мен мамыр айлары аралығында комитет пен оның өңірлік бөлімшелері жүздеген шағымды қараған. Көбіне азаматтар сауда, жылжымайтын мүлік және қызмет көрсету саласындағы мәселелерге тап болған.
Тұтынушыларды не жиі ашуландырды?
- Сапасыз көліктер, косметика мен гаджеттер
- Қонақүй, туроператор және фитнес-клубтардағы сапасыз қызмет
- Үйге қатысты мәселелер: құжаттың жоқтығы, тапсыру мерзімінің кешігуі
Соңғы айларда тіркелген кейбір резонансты жағдайлар:
- Алматыда құны 215 млн теңге тұратын пәтерді бөгде адамға сатудың алдын алды
- Қарағанды облысында 33,5 млн теңгеге пәтер сатып алған тұрғынға құрылыс компаниясы баспана бермеген — мәселе шешілді
- Семейде тапсырысты орындамаған және тұтынушы құқығы жайлы ақпарат ілмеген дәмхана жауапкершілікке тартылды
- Ақтөбеде туроператорлардан 6,6 млн теңге өндірілді, оның бір бөлігі сот арқылы
- Павлодар мен Жетісу өңірінде ондаған адамға күштеп рәсімделген несиелер мен жеткізілмеген смартфондар үшін 18 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
- Түркістанда Дубайға жүзеге аспай қалған сапар үшін 1,2 млн теңге өтемақы төленді
- Шымкентте санитарлық талапқа сай емес фитнес-клуб қызметі үшін тұтынушыларға өтемақы берілді