Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иран Израильге зымыран атты: елде әуе дабылы жарияланды

Израильде әуе дабылы жарияланды, армия Иран тарапынан зымырандардың ұшырылғанын тіркегенін хабарлады, деп хабарлайды newsroom.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Иран Израильге зымыран атты: елде әуе дабылы жарияланды

Израиль Қарулы күштері (ЦАХАЛ) Иран аумағынан зымыран ұшырылғанын және олардың Израильге қарай бағыт алғанын мәлімдеді. Барлық тұрғынға баспанаға жасырынуға және «ерекше бұйрық берілгенге дейін сол жерде қалуға» кеңес берілді, деп хабарлайды AFP.

AFP агенттігінің мәліметінше, Иерусалимде әуе дабылының сиреналары қосылды.

Зымырандардың Израильге қарай ұшырылғанын Иранның мемлекеттік телеарнасы да растады. Сонымен қатар, Иранның IRNA агенттігі Израильге қарсы зымыран шабуылының екінші толқыны басталғанын хабарлады.

Еске салайық, жұмаға қараған түні Израиль Иран аумағына жаппай соққы жасады. Бұл шабуылдың салдарынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бірқатар жоғары лауазымды командирлері мен ядролық физика саласындағы ғалымдар қаза тапты. Иран сондай-ақ Натанз қаласындағы ядролық нысанның зақымданғанын растады, бірақ радиацияның таралу фактісін жоққа шығарды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильдің Иранға қарсы жасаған соққыларын «біржақты әрекет» деп атап, оған Ақ үйдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату