Сандар ұқсас көрінгенімен, олардың артында әртүрлі тарихи жолдар мен құрылымдық ерекшеліктер жатыр. Әр елдің даму кезеңі, экономикалық моделі мен институционалдық негізі бірдей емес.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан – өзіндік экономикалық бағыты бар ел.
Біздің моделіміздің ерекшеліктері мыналар:
- Экономика негізінен экспортқа, оның ішінде шикізатқа бағытталған;
- Макроқаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілген, реттеуші құрылымдар жүйелі жұмыс істейді;
- Әлемдік нарықтармен байланыс артып келеді, интеграциялық процестер жанданып тұр.
Көршілер қай сатыда?
Өңірдегі өзге мемлекеттердің әрқайсысы түрлі даму кезеңдерінде тұр:
Бірі — ұзақ жылдар жабық экономика жағдайында болған, енді ғана реформаларды бастады;
Енді бірі — экспортқа жаңа бет бұрды;
Басқалары — еңбек миграциясы мен демография есебінен капитал жинауда.
Яғни, олардың әрқайсысы өзіндік жолда келе жатыр. Мұндай жағдайда тікелей салыстыру — спорт жарысының 30-шы шақырымында келе жатқан желаяқты, енді ғана жүгіре бастағанмен салыстыру сияқты. Қатысушы да, қашықтық та, күш те — басқа.
Қазақстан сол жолдың белгілі бір бөлігін жүріп өтті. Жолда кеткен қателіктер мен қиындықтарды бастан өткерді. Енді сол тәжірибесі арқылы өзгелерге бағыт-бағдар көрсетіп отыр.
Біздің басты капитал — тек жер асты байлығы емес
Қазақстанның артықшылығы тек табиғи ресурстармен шектелмейді. Институционалдық негіз қалыптасты. Қаржы жүйесі тұрақты, реттеу тетіктері орнықты. Бұл — кез келген мемлекеттің дамуындағы негізгі тірек.
Мақсат — озу емес, бірге даму
Бүгінгі күннің басты мақсаты – көршілерді басып озу емес, тұтас өңірлік экономиканы бірге құру. Бұл ретте Қазақстан мынадай рөл атқара алады:
Инфрақұрылым, логистика, қаржы және шикізат орталығы;
Ал серіктес елдер — жұмыс күші мен өндірістік база, өңдеуші сала және ішкі нарық көзі.
Қалай жетеміз?
Бұған жету үшін бізге жаңа экономикалық "архитектура" қажет:
Тау-кен металлургия саласында ішкі қайта өңдеу тізбегін дамыту;
АӨК (агроөнеркәсіп кешені) құрылымын жаңа ережелерге сай құру;
Аймақтық ауыл шаруашылығында технологиялық ынтымақтастық орнату;
Логистиканы өңірлік платформа деңгейіне көтеру.
Бұл — бір жаққа тартылған көрпе емес, бәріне ортақ жайылған дастархан.
Егер біз Орталық Еуразияда шын мәнінде интеграцияланған экономикалық жүйе құра алсақ – бәріміз ұтамыз. Сол кезде ешкімді ешкіммен салыстырудың да қажеті болмайды. Өйткені бәріміз біртұтас әрі қуатты экономикалық организмнің бөлшегі боламыз. Ал оның салмақ орталығы, сөзсіз, Қазақстан болмақ.