Іріктеу кезеңінің аяқталуына бір тур қалғанда БАӘ-мен тең түскен өзбектер тарихта алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық турниріне жолдама алды. Іріктеу кезінде жаттықтырушы ретінде словениялық Срекко Катанецті алмастырған Тимур Кападзе командасының жетістігі лайықты бағаланды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв ұлттық құраманың бір топ ойыншылары мен жаттықтырушыларына құрметті атақтар беру, ордендермен және медальдармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Матчтың соңында стадионға 40 BYD көлігі шығарылды, оның кілттері ұлттық құраманың барлық ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының мүшелеріне табыс етілді.
Өзбекстан құрамасы топта екінші орын алды. Олармен бірге Иран ұлттық құрамасы да финалдық турнирге жолдама алды. БАӘ мен Катар құрамалары әлем чемпионатына жолдама үшін күресті келесі іріктеу кезеңінде жалғастырады.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық турнирін 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды. Турнирге алғаш рет алты конфедерациядан 48 ұлттық құрама қатысады.