Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққан

Шымкент қаласындағы жеке меншік «Ай Көркем» балабақшасында балаларға қатыгездік көрсетілгені анықталды. Тәрбиешінің бүлдіршіндерді үнемі ұрып-соғып жүргені бейнебақылау арқылы әшкере болды.

Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққан
Фото: nur.kz

Істің мән-жайы бір баланың денесінде көгерген іздер мен сызаттар пайда болғаннан кейін белгілі бола бастады. Ата-анасы мән-жайды сұрап, балабақшадағы бейнебақылау жазбаларын көруге мүмкіндік алған. Кадрларда әйел адамның екі сағат бойы балаларға айуандықпен қарағаны анық көрінеді:
– бірін сызғышпен сабайды,
– екіншісін аяғымен теуіп жібереді,
– қолдарынан сүйреп,
– қалың дәптермен ұрғаны да байқалады.
Осыдан кейін ештеңе болмағандай, телефонына үңіліп отырады.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиеші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату