Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қорғаныс министрі қызметін атқарған Руслан Жақсылықов қамауға алынды деген жалған хабар тарауда

10 маусым 2025 жылы Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ұсталып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпарат – жалған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қорғаныс министрі қызметін атқарған Руслан Жақсылықов қамауға алынды деген жалған хабар тарауда

Бұл туралы экс-министрдің өзі Tengrinews тілшісіне видеоқоңырау арқылы айтты. 

Бұл ақпарат— жалған. Мен Астанада өз үйімде отырмын. Отбасыммен түскі асқа баруға дайындалып жатырмын, - деп жауап берді ол.

 Бас прокаратура да бұдан хабарлары жоқ екенін айтқан.

Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда министр қызметінен кеткен еді. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату