Сыртқы істер министрлігі Ресей шекарасындағы жаңа талаптарға қатысты пікір білдірді
Ресейдің шекарадағы жаңа тәртібіне байланысты Қазақстан тарапынан қандай да бір жауап шаралары қабылдануы мүмкін бе деген сауалға жауап берген ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәселенің қазіргі уақытта жан-жақты зерттеліп жатқанын айтты.
— Бұл мәселе өте мұқият зерттеліп жатыр, тиісті мемлекеттік органдармен консультация қажет. Кейінірек толық ақпарат бере аламын. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасында визасыз режим сақталып отырғанын атап өткім келеді. Бұл — тек шекарадан өтуге қатысты талаптар ғана, — деді Смадияров.
Бұған дейін хабарланғандай, 30 маусымнан бастап Ресейге кіру үшін кемінде 72 сағат бұрын RuID платформасы арқылы электронды өтініш беріп, арнайы QR-код алу қажет. Сондай-ақ, шекарадан өткенде биометриялық тіркеуден өту талап етіледі: саусақ ізі алынып, суретке түсіріледі