Жаңалықтар

АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

The final spritzer

АҚШ-тың Теннесси штатында жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлайды newsroom.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта 16–20 адам болған.

«Теннесси штатының жол-патруль қызметкерлері Олд-Шелбивилл жолындағы ұшақ апаты орнында көмек көрсетіп жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.

 Бірнеше адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта құтқарушылар мен тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік ұшақ Ақтөбеде шұғыл қонғаны хабарланған еді.