Lunking маркалы дөңгелекті тракторда тек бір орын бар – кабина ішіндегі жүргізушіге арналған орын. Алайда екінші бір адам фильтр кассеталарының үстіне отырып алған.
Ақмола облыстық ПД мәліметінше:
«Жолда келе жатқанда жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, жүріп бара жатқан трактордың артқы доңғалағының астына құлап түскен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды».
Трактор жүргізушісі ішімдік ішпеген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Трактор айыптұраққа қойылды.