Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Forbes АҚШ-тағы ең бай әйелді анықтады

ABC Supply құрылыс компаниясының 78 жастағы иесінің таза байлығы 22,3 миллиард долларды құрайды. Ол бірнеше жылдан бері жыл сайынғы тізімде бірінші орынды иеленіп келеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Forbes АҚШ-тағы ең бай әйелді анықтады

Екінші орында Джуди Фолкнер (7,8 миллиард доллар). Ол Epic Systems денсаулық сақтау бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясының бас директоры және негізін қалаушы.

Үшінші орында Little Caesars Pizza компаниясының негізін қалаушы Мариан Илич (6,9 миллиард доллар).

Топ-20 тізімге тележүргізуші Опра Уинфри (3,1 миллиард доллар), сондай-ақ модель және кәсіпкер Ким Кардашян (1,7 миллиард доллар) кіреді. Әнші Тейлор Свифт (1,6 миллиард доллар) 21-орында.

Әнші Рианна (1 миллиард доллар) 35-ші орында, Мадонна (850 миллион доллар) 42-ші орында, Бейонсе (780 миллион доллар) 45-ші орында, Селена Гомес (700 миллион доллар) 48-ші орында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату