Бастапқыда полиция бұл әрекеттен заңбұзушылық таппай, істі жаба салған.
Бірақ мал иесі мұны құп көрмей, сотқа жүгінген. Ол 350 мың теңге талап етті.
Сотта екі тарап ойланып-толғанып, мәмілеге келді: жүргізуші 150 мың теңге төлеуге келісті. Сот медиативтік келісімді бекітіп, бәрі тату тарқасты.
Сиыр жоқ, бірақ ет желінді, ақша төленді – қазақша айтқанда, «итке сүйек, елге күлкі».