«Біз Украинаның Ресей ұшақтарына жасаған шабуылын, сондай-ақ қос тараптан жасалып жатқан түрлі шабуылдарды талқыладық. Әңгіме мазмұнды әрі салмақты өтті, бірақ ол тез арада бейбіт келісімге әкелмейді», — деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, Путин жуырда әуе базаларына жасалған шабуылға жауап беруге «мәжбүр болады». Бұл «Өрмек» атты операцияға қатысты айтылып отыр. Сол операция барысында Ресейдің стратегиялық авиациясына тиесілі ұшақтар зақымданған.
«Президент Путин әуежайларға жасалған шабуылға жауап қайтаруға мәжбүр болатынын қатаң түрде айтты. Біз сондай-ақ Иран мәселесін және Тегеранның ядролық қаруға қатысты шешім қабылдау мерзімі жақындап қалғанын сөз еттік», — деді Трамп.
Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары «Өрмек» операциясына қатысы болуы мүмкін деп күдікке ілінген украиналық Артём Тимофеевтің Қазақстанға кетуі ықтимал екенін хабарлаған еді.