Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тағы да бір миллиардқа азайды: Ұлттық қорда не болып жатыр?

Мамыр айында Қазақстанда биржада сатылған әр бесінші доллар — Ұлттық қордан бөлінген қаржы. Ұлттық банк валюта сатуды жалғастырып жатыр, себебі бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету қажет, деп хабарлайды newsroom.kz orda-ға сілтеме жасап.

Тағы да бір миллиардқа азайды: Ұлттық қорда не болып жатыр?
Фото: pixabay

Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы сәл ғана — 0,3 пайызға нығайған. Ай соңында АҚШ долларының бағасы 510,82 теңге болды. Сауда көлемі азайды.

Ал Ұлттық қордан бір айда 988 млн доллар сатылып, республикалық бюджетке трансферт ретінде жұмсалды. Бұл — жалпы валюта сатылымының 22 пайызы. Маусымда Ұлттық банк қордан 700–800 млн доллар аралығында валюта сатуды жоспарлап отыр.

Мамыр айында БЖЗҚ (ЕНПФ) қажеттіліктері үшін 250 млн доллар сатып алынған. Маусымда да осындай көлемде валюта алынады деп күтілуде.

Бұған дейін 2025 жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қордан шамамен 1,5 трлн теңге жұмсалғаны белгілі болды. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда бюджет тапшылығы ұлғаяды деп болжағанын ескерсек, бұл сома алдағы уақытта айтарлықтай артуы мүмкін.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату