2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.
Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгерген.
20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.