Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі жайлы не белгілі?

Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі Брижит Мари-Клод Макрон жайлы бірқатар ақпараттарды назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі жайлы не белгілі?

Брижит Макрон Франция мемлекетінің Амьен қаласында дүниеге келген.

Брижит Оузиер 1980 жылдары Страсбургтегі Люци-Бержердегі «Колледжде» әдебиеттен сабақ берді.Ал 1990-шы жылдары, ол Амьенде орналасқан Lycée la Providence атты иезуиттардың орта мектебінде француз және латын тілдерінен тәлім берді.

Ол Эммануэль Макронмен алғаш рет дәл осы орта мектепте кездесті.Ол Брижиттің әдебиет сабақтарына қатысып, ал Брижит болса Макрон қатысқан театр тобын басқарды. Олардың романы әдетте болатындағыға тән емес еді, өйткені Брижит Макроннан ширек ғасырға үлкен болатын, Макрон бұл романын «махаббатымыз жиі құпия және жасырын болды, көбісі өздеріне осындай махаббат келмей оны түсінбейді» деп сипаттады.

Жеке өмірі

1974 жылы 22 маусымда ол банкир Андре-Луи Аузьерге үйленді және үш бала дүниеге келді. Олар: инженер Себастьен Оузиер, доктор кардиолог Лоренс Оузиер-Журдан, заңгер Тифайн Аузьер . Олар Амьенге көшкенге дейін Трюхтершеймде 1991 жылға дейін бірге тұрды.Брижит 40 жасында, 15 жасар Эммануэль Макронмен 1993 жылы Ла-Провиденс орта мектебінде кездесті.Сол уақытта ол мұғалім болып жұмыс атқаратын, сондай-ақ оның қызы Лоренс, Макронның сыныптасы болатын. Ол 2006 жылдың қаңтарында Аузьермен ажырасып, 2007 жылдың қазан айында Макронға үйленді.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату