Кездесу барысында Италия Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейі стратегиялық әріптестік рухына толық сай келетінін атап өтті.
– Мен сізді бүгінгі күрделі кезеңде кездескен ең парасатты әрі байыпты көшбасшылардың бірі деп санаймын. Қиындықтардың терең табиғатын түсіне білетін адаммен пікір алмасу – өте құнды. Осындай сындарлы сәтте Италия мен Қазақстан арасындағы ерекше қарым-қатынастың бар екені – қуанышты жаңалық. Біз бұл байланысты жоғары бағалаймыз және мұны бұған дейін де талай мәрте атап өттік. Дегенмен оны одан әрі нығайта түсудің жолдары әрдайым бар. Бұл сапардың басты мақсаты да – сол, – деді Джорджа Мелони.
Оның айтуынша, Қазақстан мен тұтас аймақтың Батыс пен Шығысты жалғайтын тарихи тоғыс нүктесі ретіндегі маңызы зор.