Оның айтуынша, сынақ режиміндегі іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған. Бұған дейін CTS басшысы Дүйсенбаев жобаның 2025 жылдың соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеген болатын.
– Мен сынақ жүргізу келесі жылдың соңында басталатынына толық сенімдімін. Жолаушылар да жүре бастайды, – деді Скляр Ақордада өткен брифингте.
Сонымен қатар, вице-премьер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастыруы тиіс екенін айтты. Алайда журналистер мұндай жоспар жайлы алғаш рет естігендерін жеткізді.
Апдейт(түзету): Астана әкімдігі Склярдың сөзі жаңсақ кеткен болуы мүмкін екенін айтып, LRT-ның жыл соңында іске қосылатыны өз күшінде екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, жуырда елордада LRT диспетчерлері (операторлары) үшін бос жұмыс орны ашылғаны белгілі болған.