Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Путин есінен адасты» – Трамп Ресей президентінің әрекеттеріне баға берді

Әдеттегідей тосын ойларымен танымал АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары мен Владимир Путин жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Путин есінен адасты» – Трамп Ресей президентінің әрекеттеріне баға берді
Фото: ТАСС

Трамптың айтуынша, ол Путинмен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болған, бірақ «қазір өзгеріс бар».

«Ол мүлде ақылынан адасты. Қажетсіз қырғын жасап жатыр. Қаза тапқандар тек сарбаздар ғана емес — Ресей еш себепсіз Украина қалаларын зымыран және дронмен атқылауда», – деп жазды ол Truth Social парақшасында.

Оның пікірінше, Путиннің бүкіл Украинаны басып алуға ұмтылуы түптің түбінде Ресейдің күйреуіне апарады.

Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге де шүйлікті. Оның сөзінше, Зеленский соғыс жағдайында елге пайда әкелудің орнына, тек кедергі келтіріп отыр.

«Ол үнемі шиеленіс тудырады. Бұл маған ұнамайды. Мұны тоқтату керек. Бұл – Зеленскийдің, Путиннің және Байденнің соғысы. Менің соғысым емес», – деді Трамп.

Бұған дейін Стамбулда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерден кейін Украина президенті Зеленский Трамппен және Еуроодақ елдерінің басшыларымен сөйлескенін айтып, Ресейге санкциялық қысымды күшейте түсу қажет екенін жеткізген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату