Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

260 мыңнан астам көшетті ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды

Абай облысына қарасты Курчатов қаласында екі тұрғынға «Семей орманы» мемлекеттік орман резерватының Долон филиалының аумағынан көшет ұрлау дерегі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды newsroom.kz.

260 мыңнан астам көшетті ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz мәліметінше, олар жалпы құны 519 миллион теңгеден асатын 260 мыңнан астам көшетті жымқырған.

Сот үкімі 2025 жылғы 21 мамырда шықты. Қалалық сот екі азаматты кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, биылғы сәуірде табиғи резерват аумағында орман алқаптарын қалпына келтіруге және көгалдандыруға арналған қарағай көшеттерінің ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Тергеу барысында қылмыстық топ құрамында жергілікті тұрғындар мен қорықтың бұрынғы қызметкерлеріболғаны анықталған. Сол кезде Павлодар облысында ұйымдастырушы 38 жастағы ер адам мен оның сыбайластары ұсталып, қамауға алынған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату