Оның айтуынша, Қазақстанда криптовалюта саласына қатысты әкімшілік және құқықтық реттеу тетіктері әлі толық қалыптаспаған, сондықтан азаматтар өз қаржысын бұл салаға сенімді түрде сала алмайды.
«Қазір Қазақстанда цифрлық активтер нарығын ретке келтіретін заңнамалық тетіктер әзірленіп жатыр. Заңсыз ақша аударымдарының жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді – әрі әкімшілік, әрі қылмыстық деңгейде», – деді Шолпанқұлов.
Ол заманауи технологиялар дамыған сайын криптовалюта операцияларын жасыру мүмкін болмайтынын айтты.
«Халықаралық бақылау жүйелеріне қосылсақ, болашақта арнайы брифинг өткізіп, кімнің, қайда және қанша қаражат шығарғанын, заңсыз сақтап отырғанын **аты-жөнімен** айтуымыз мүмкін. Техникалық мүмкіндік бар, тек уақыт қажет», – деді ол