Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды.
@TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары - Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру тақырыптары төңірегінде.
Бұл платформа жолдарды жөндеу, су айдындарын тазарту және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту сынды өтінімдердің 21 санатын қамтиды.
Айта кету керек, өтінімдер сапасыз орындалған жағдайда аталмыш жүйеде шағым беруге болады. 2025 жылдың басынан бері 200-ден астам шағым тіркелді.