Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 мамыр, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Атырауда - жаңа тағайындау

Дамбы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Атырауда - жаңа тағайындау
Фото: Atpress.kz

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 11 мамырдағы шешіміне сәйкес Дамбы ауылдық округінің әкімі болып Аубакиров Темірлан Байжанұлы тағайындалды. Бұл туралы AtyrauPress жазады. Аубакиров Темірлан 1984 жылы Атырау облысында туған. 2006 жылы С.Бәишев атындағы Ақтөбе университетін бітіріп, экономист –менеджер мамандығын алған. Қалалық әкімдіктен білгеніміздей, ол еңбек жолын 2004 жылы жұмысшы болып бастаған. 2007 жылдан мемлекеттік қызметте. 2007- 2010 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратында жетекші маман, 2010-2020 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде бас маман, 2020-2024 жылдары осы бөлімнің сектор меңгерушісі, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет жасаған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату