Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жаз мезгілінде 200-ден астам IUTH студенті жұмыспен қамтамасыз етілмек

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) 200-ден астам студенті жаз мезгілінде туризм және меймандостық саласындағы кәсіпорындарда уақытша жұмыспен қамтылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаз мезгілінде 200-ден астам IUTH студенті жұмыспен қамтамасыз етілмек

Атап айтқанда:

– 100-ден астам студент қоғамдық тамақтану орындарында;
– 64 студент қонақүйлер мен орналастыру орындарында;
– 52 студент демалыс және ойын-сауық нысандарында жұмыс істейді.

Өндірістік тәжірибе ақылы негізде өтеді және студенттерге нақты өндірістік ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Тәжірибені сәтті аяқтаған жағдайда студенттер стипендиясын сақтай отырып, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Тәжірибе Rixos Water World Aktau, Rixos President Astana Hotel сынды ірі нысандарда, сондай-ақ өзге де қонақүйлерде, мейрамханалар мен демалыс орындарында өтеді.

Бұл бастама студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға және университет пен туризм саласындағы жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату