Экономика вице-министрі картоп жайлы сұхбат беруден бас тартты
Экономика вице-министрі Арман Қасеновтан журналистер жаңа піскен картоптың бағасына қатысты пікір сұрады. Атап айтқанда, шенеунік 1300 теңгеден бір келі картоп сатып ала ма, жоқ па деген сауал қойылды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Алайда, Қасенов бұл сұраққа жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ол мұндай сауалды «тым жеке» деп бағалады.
— Жеке сұрақтарға жауап бермеу құқығымды пайдаланғым келеді. Менің ойымнан қайтару қолдарыңыздан келмейді, — деді вице-министр.
Еске сала кетейік, жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігі 1300 теңгелік жаңа картопты «премиум өнім» деп атаған еді.