Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ Алматыдан 49 жылға жер жалға алмақ — Тоқаев заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарымен арадағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл келісім аясында АҚШ Алматы қаласынан 49 жыл мерзімге жер телімін жалға алмақ. Жалпы аумағы 70 мың шаршы метрден асатын бұл жерге АҚШ-тың жаңа Бас консулдығы салынады, деп хабарлайды newsroom.kz.

АҚШ Алматыдан 49 жылға жер жалға алмақ — Тоқаев заңға қол қойды
Akorda.kz

Америкалық тарап бір реттік төлем ретінде 25,3 миллион доллар аударады. Консулдықтан бөлек, аумақта АҚШ-тың Сауда министрлігінің, Есірткімен күрес агенттігінің және коммерциялық қызмет өкілдіктері орналасады деп жоспарланған.

Жер телімі Алматының ең беделді аудандарының бірінде орналасқан. Бұл аумақта ғимарат биіктігіне қатысты шектеулер бар.

Келісім шарттарына сәйкес, АҚШ салықтар мен алымдардан босатылады. Ғимараттың құрылысы, күтімі, пайдалануы және коммуналдық қызметтерді төлеу толықтай америкалық тараптың жауапкершілігінде болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату