Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мысыр әуежайында жарнама тақтасы құлап қазақстандық көз жұмды

Кеше Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында ұшаққа отыруды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлап түсті. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мысыр әуежайында жарнама тақтасы құлап қазақстандық көз жұмды
Ашық дереккөзден

Қайтыс болған азаматтың туыстарымен байланыс орнатылып, оларға барлық қажетті көмекті ҚР консулы көрсетіп жатыр. Жарақат алған екі әйелге медициналық көмек көрсетілген, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қаза болуына байланысты терең көңіл айтты. Египеттің азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алып, дереу арнайы комиссияны оқиға орнына жіберді. Қазір аталған жерде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан елшілігі де бұл оқиғаны жіті бақылауға алған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату