Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мұхамеджан Тазабек Қонаевтың қолдауына қалай ие болды?

Кейінгі уақыттары психолог боп танылып жүрген, белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қонаевтың қолдауына қалай ие болғаны туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мұхамеджан Тазабек Қонаевтың қолдауына қалай ие болды?
Фото: жеке парақшасынан

Бұл Құдайдың сәтін салуы дейді ақын. 

«Сол кезде Қонаевтың жақын шәкірті болған Берден Байқошқаров (Салтанат Байқошқарованың әкесі) Колбиннің қудалауымен Су шаруашылығы министрлігін басқарып отырғсн жерінен біздің ауылға директор болып төмендетіледі. Қонаевтармен дастархандас болып жүрген адам ауылға келгенде тек шаруашвлыққа ғана көз салмайды. Осы ауылда өнерлі, ерекшелігі бар қандай бала бар деп іздеп, 14-15 жастағы мені тауып бір жыл қасына ерітіп жүріп тәрбиелеп, Қонаевтың алдына алып барды, дейді ақын.

Айтуынша, өзінің ақындығы 13 жасынан көріне бастаған. Наурыз алғаш тойланғанда шыға бастаған ақын ауыл келіндерінің бетін ашып, қонақтарға арнау айтып таныла бастаған.

«Атым ауылдың ауызына іліне бастады да, Байқошқаров ауылға келгенде “аты шыққан бала” боп тұрдым. Сенбі-жексенбі күндері Сабира апам екеуі көлігінен түсірген жоқ. Совхоз директорының тойы болса, аудан хатшыларының тойы болса, бәріне апаратын. Мен шарап ішпеймін, жас баламын. Психологиялық тұрғыдан сараптап бәрін бақылап отырамын. Қонаевтың 80 жылдығы болар алдын мені Алматыға әкеп, қаланы таныстырып, Қонаев атамыздың үйіне әкеп батасын алғызды. Атамыз жақсы көрді және өзінің сөзі бар: “Енді қартайдық қой, қанша өміріміз қалды?! Талай үлкен азаматтарды өсірдік, қаншама адамға шарапатым тиді. Тағдырмен менің алдыма келіп жатсың. Мен де саған үлкен есік ашып кетейін деп, қазақ зиялыларына, сол кездегі Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Алтынбек Қоразбаев, Мырзатай Жолдасбек сияқты адамдарға таныстырып, табыстап “мына баланы қараңдар. Мүмкіндік болса, қолдау көрсетіңдер” деді. Өйткені, қазақтың өнерпаздары, қазақтың талантты балалары қолдауға мұқтаж болып тұрған кез еді. Себебі, желтоқсан оқиғасы өткеніне 4-5-ақ жыл өткен. Қазақтар қорқыңқырап, беті қафтыңқырап қалған кезде, Қонаев анық түсінді: қазір мен өзім табиғи түрде Алматыға, қазақ қоғамына, зиялылар арасына кірсем, мені бірден маңдайымнан сипайын деп тұрған ешкім жоқ. Сондықтан, мен қолдап жіберді. Бұл жақсылықты ешқашан ұмытуға болмайды. 

Қонаевтың даналығы, көрегнділігі де сол шығар: ол үлкен адамның да, орташа жастағы, бала боп келген адамның да бойындағы қасиетті көре білді. Нағыз ұстаз адам ғой.

«Бір сөзбен айтқанда, үш күн бұрын ауылда қара есекпен шөп тасып жүрген Мұхамеджан, үш күннен кейін Қонаевтың қара икра қойған дастархан қойған үйіне кеп арнау айтып отыр ғой. Фантастика былай қарасаң», деп еске алады ақын.

Сол 16 жасында ақын Қонаевтың үйінде үш күн қонақ болып, арнау айтқан екен

«Бірінші күні өз туысқандары, екінші күні қазақ интеллегенциясы, үшінші күні үлкен мемлекеттік қызметтегі адамдар болды. Қоянбек деген ағамыз барлығын видеоға түсіріп, таспаларты. Кейін сол кісінің өзінен сатып алдым»,-дейді Мұхамеджан Тазабек.

Қонаевпен кездесуі ақынның жұлдызы жанып, Құдай сәтін салған жағдай:

«Мұндай сәттілік болмағанда мен аудандық газетте журналист болып немесе облыстық деңгейде айтыскер боп жүрер ме едім. Бәрібір бұлақ тас жарады ғой. Өз еңбек, біліміңмен жетер жерге жетесің, бірақ ерекше жағдайға жету үшін сәттілік керек»,- дейді ақын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату