Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елордада COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025 халықаралық турнирі өтуде

Астанада 10-18 мамыр күндері COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025 ірі халықаралық турнирі өтіп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Елордада COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025 халықаралық турнирі өтуде

Турнирді PGL Esports – әлемдегі тәуелсіз киберспорт ұйымы ұйымдастырады.

Жүлде қоры 1 250 000 долларды құрайды.

Турнирге АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және т.б. елдерден келген 16 команда қатысады. Командалар құрамында Қазақстаннан 5 өкіл бар, олар – ойыншылар: К.Файзнуров («ICY»), А.Қайыржан («kade0»), С.Оразалы («dukefissura»), Д. Голубенко («molodoy»), сондай-ақ жаттықтырушы Р.Телепов («mou»).

Турнир екі кезең бойынша өтеді:
1. Топтық кезең (Elimination Stage).
Астанадағы жабық ойын аймақтарында өткізіледі.
Формат – Швейцария жүйесі (Swiss), барлық матч Best of 3 форматында өтеді.
Үш мәрте жеңіске жеткен командалар келесі кезеңге өтеді, үш рет жеңіліске ұшыраған қатысушылар шет қалады. Барлық матч онлайн режимде көрсетіледі (https://www.youtube.com/watch?v=q6cCuly0mVI).
2. Плей-офф кезеңі (Champions Stage).
Астанада 16-18 мамыр аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша ең мықты 8 команда қатысады.
Барлық матч Best of 3 форматында өтеді.
Турнирдің соңғы матчы да Best of 3 форматында ойнатылады. Турнир жеңімпазы PGL Major Astana 2025 чемпионы атанып, турнирдің бас жүлдесін алады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату