Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақ нейрохирургтері малайзиялық туристің өмірін аман алып қалды

Қазақ нейрохирургтері Шымбұлақта жарақат алған малайзиялық туристің өмірін аман алып қалды.

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жарақат алған малайзиялық азаматтың қайта жүріп кетуге көмектесті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақ нейрохирургтері малайзиялық туристің өмірін аман алып қалды
малайзиялық турист

Шымбұлақтағы демалысы кезінде ер адам мұзға құлап, мойын омыртқасына зақым алған. Жарақат салдарынан мойыннан төмен қарай қозғалыс пен сезімталдық түгел жоғалып, тетраплегия диагнозы қойылған.

Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, нейрохирург Марат Алматов бастаған команда С3–С4 деңгейінде жұлын жарығы барын анықтап, дереу ота жасаған. Бұл күйде уақыт оздырса, толық сал болып қалу қаупі өте жоғары еді.

Отадан кейін-ақ ертеңіне сезімталдық қайта оянып, 10-күні науқас өз бетінше қозғала бастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайдағы науқастардың 95%-ы өмір бойы төсекке таңылып қалады. Бұл жолы нақты диагноз бен кәсіби командалық жұмыс керемет нәтиже берді.

Пациент өзі де бастапқыда үмітін үзгенін, бірақ операциядан соң қайта қозғала бастағанын айтып, Марат Алматов пен бүкіл медициналық топқа алғысын білдірді. Қазақстан медицинасы деңгейін үздік елдермен салыстырды.

Қазір азамат еліне – Малайзияға оралды. Жағдайын жергілікті дәрігерлер де растаған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату