Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мемлекетке өтуі тиіс 100 млн теңгелік жүк көлігі айыптұрақта жоғалып кетті

Алматы облысында арнайы айыптұрақ тоналды. Белгісіз біреулер Volvo маркалы жүк көлігін бөлшектеп, оны бөліп-бөліп алып шыққан, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мемлекетке өтуі тиіс 100 млн теңгелік жүк көлігі айыптұрақта жоғалып кетті
Фото: ІІМ

Айыптұрақтағы тәркіленген мүліктің ұрланғанын облыстық прокуратура тексеріс барысында анықтаған. Сөз болып отырған техника — тіркемесімен бірге бағасы 100 миллион теңгеден асатын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі.

«Бұл көлік бұған дейін әкімшілік іс аясында тәркіленіп, мемлекет пайдасына алынуға тиіс болған. Алайда сақтау кезінде жүк көлігі бөлшектеліп, оның негізгі тетіктері ұрланған», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату