Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі бұл елде заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасап, жаңа бағдарламаға қатысу мүмкіндігін қарастыруға кеңес берді. Бұл туралы елшіліктің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz.

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады
Фото: egemen

«Әртүрлі себептермен АҚШ аумағында заңсыз иммиграциялық мәртебеде жүрген Қазақстан азаматтарын осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігін мұқият қарастыруға шақырамыз. Бұл – қазіргі жағдайды заңды жолмен реттеп, болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау үшін маңызды қадам болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) ел аумағында иммиграциялық заңнаманы бұзып жүрген шетелдіктерге арналған жаңа бағдарламаны іске қосты.

Бағдарламаға қатысып, отанына ерікті түрде оралуға шешім қабылдаған азаматтарға қайтар жол билеті тегінберіледі және елге оралғаннан кейін 1000 АҚШ доллары көлемінде бір реттік қаржылай көмекқарастырылған.

«Өтініш беру үшін CBP One мобильді қосымшасын пайдалану қажет», – делінген елшілік хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату