«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, Си Цзиньпин сәрсенбі күні Бейжіңнен арнайы ұшақпен аттанған.
Сапар барысында Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, «Сібір күші – 2» газ құбыры жобасын талқылайды деген болжам бар.
Қытай тарапы бұл келісім бойынша Ресейге газ үшін жоғарырақ баға төлеуге келісуі мүмкін. Ол үшін Бейжің 2019 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Сібір күші» жобасы бойынша төлеп отырған бағамен салыстыра отырып, Ресей ішіндегі газ бағасын зерттемек.
Сонымен қатар, Қытай жаңа құбырдың Моңғолия аумағы арқылы өтпеуін қалайды. Алайда осы бағытқа қатысты жоспарларға бұған дейін едәуір қаражат пен уақыт жұмсалған.
Айта кетейік, бұған дейін Си Цзиньпин әлемдік сауда соғыстары салдарынан халықаралық экономикалық тәртіп бұзылып жатқанын мәлімдеген болатын.