Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 мамыр, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Бір айда Пәкістаннан Ауғанстанға 110 мыңға жуық адам оралды

Отанына оралған Ауғанстан азаматтарының саны қарқынды өсуде. Тек 3 сәуір мен 3 мамыр аралығында Ауғанстанға 109 891 адам оралды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бір айда Пәкістаннан Ауғанстанға 110 мыңға жуық адам оралды

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) сейсенбі күні шекаралық және оған жақын аудандарға қолдауды арттыруға шақырды.

Қосымша қаржы Ауғанстанға оралған 1,5 миллион адамға Пәкістанның елде тиісті құжатсыз жүрген заңсыз шетелдіктерді елге қайтару жоспарының бір бөлігі ретінде көмек көрсету үшін қажет. Ауғандықтардың елге оралуы алдағы айларда жалғасады деп күтілуде. 

"Ауғанстанға оралған адамдардың көпшілігі үйлерін, мүлкін және жұмысын тастап кетуге мәжбүр болған өте осал жағдайда. Көптеген жағдайларда олардың ең осал бөлігі, әсіресе әйелдер мен қыздар отбасыларынан бөлек тұрады", - деді ХБҰ Бас директорының операциялар жөніндегі орынбасары Угочи Даниэлс. 

ХБҰ мәліметі бойынша, сәуір айында күніне орта есеппен 3000 адам Нангархар мен Кандагар провинцияларындағы маңызды шекаралық өткелдер арқылы қайтып келген. Келгендердің көпшілігі әйелдер мен балалар. Сәуір айына дейін бұл провинцияларда күніне 100-ге жуық адам шекарадан өткен.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату