Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлемді құтқарған адам

1983 жылдың 26 –қыркүйегі тарихта ерекше белгіленбеген. Ал шындығында бұл күні адамзат бұрын-соңғы тарихта болмаған аса үлкен соғыстан құтқарылған күн еді. 1983 жыл қырғи –қабақ соғыстың шарықтау шегіне жеткен кез болатын.

Әлемді құтқарған адам


Коммунист Ресей мен капиталист Америка мұхиттың екі жағалауында бір-біріне қарсы не істеуге де даяр тұрған еді. Ондаған жылдар бойы жауласқан екі империяның қатынасы Кореяда 007 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін тіптен ушыққан болатын. Қаза болған жолаушылар арасында Америкалық сенаторлар да бар еді. Әлем халқы үрейге беріліп, АҚШ ол оқиғаны саяси тапсырыс, қатыгездік деп атады. Саяси жағдай қатты шинелісіп, Америкалық әуе күштері соғысқа дайындала бастаған.  Москва қаласы жанындағы құпия орында 1983 жылы подполковник Станислав Петров зымыран шабуылы туралы хабар беретін жүйеге кіретін жасанды жер серіктерінің ойдағыдай жұмыс істеуіне жауапты қызмет атқарды. Ол егерде АҚШ тарапынан СССР-ге қарсы ядролық соғыс ашса жауға  қарымта  соққы беру тетігін қадағалайтын. Оның үстелінің үстінде сол кездегі ең қауіпті қару-ядролық қарудың пульты тұрған еді. 1983 жылдың 26 қыркүйегінде Петров кезекшілікте болған. Ол «Око» жүйесінен келетін мәліметті бақылап отырған. «Око» АҚШ-тың құрлықаралық баллистикалық зымырандарының атылуын бақылайтын сол кездегі ең заманауи жүйе болған.   Кенет экранда «Баста!» деген белгі берілген үлкен қызыл жарық пайда болды. Бұл Америка бізге соғыс ракетасын жіберді, қарсы соққы жібер деген белгі болса да подполковник сабыр сақтапты. Арнайы қызметтегілер түгелдей сасқалақтап оның аузына қарайды. Алғашқы белгіден кейін іле-шала 3-4 рет қызыл жарық жанады. С.Петровтың компьютерінде СССР-ге қарсы Америкадан ядролық жарылғышы бар 5 ракета келе жатыр деген апаттық белгі жыпылықтап тұрды, Оған шешім шығаруға 2-3 минуттық ғана уақыт қалған еді. С.Петров негізгі түймені басқан болса, кеңестер одағының басшысы болған «үш әріптің» бұрыңғы басшысы Юрий Андропов жүздеген миллион адамды көзді ашып-жұмғанша құртатын ракетаны ату бұйрығын сол сәтте беретіні айтпаса да түсінікті. Бірақ  полковник біліміне емес, тәжірибесіне сеніпті. Себебі, ядролық зымыран  бір ғана базадан емес, есесіне жаудың барлық тарапынан бір мерзімде бірдей келуі тиіс екендігін есептепті. Кейін өзі айтқандай ол «компьютер негізі ақылсыз» деген принципке сүйенеді. Басқа жерден зымырандар атылғаны туралы ақпарат келмеген. Бұған қарап Станислав Петров АҚШ Кеңес одағына бір ғана базадан шабуыл жасауы екіталай, ендеше ақпарат жалған деп түйген. Оның ойы дұрыс болып шықты. Соңында бұл мәселені тексерген комиссия «Око» жүйесіне кіретін спутниктің датчигі күннің биіктегі бұлттарға шағылысқан сәулесін зымыранның атылуы деп қабылдағандығын анықтаған болатын. Олар С.Петровты жазаға да тартпады, жауынгерлік сыйлыққа да ұсынбады. Бұл оқиғаны мемлекет құпия сақтауды жөн көріп, елге айтпаған. Соңында белгілі болғандай, оны ерлік жасады де көтермелеген болса, ядролық мәселені жауаптанған мамандарға құрмет көрсетпегендік болады екен. Кездейсоқ әлемді құтқарған С.Петров бірнеше айдан кейін қызметінен босап, ағаш дайындаушы болып жұмыс істепті. Кейбір адамдар оны шеттеткен десе де ол өзім тіленіп әскери қызметтен босағанмын дейді екен. Бірақ құпия қызметтегілер оны сұраққа тартып, міндетін орындамады деп біраз мерзімде қамауда ұстаған деген дерек  те бар. Осы оқиғадан кейін психологиялық қысымға ұшыраған ол отставкге кетіп Москва жанындағы Фрязино қалашығында өмір сүріп тұрған.
Зейнетақымен ғана күнелтіп отырған оған 2004 жылы «Әлемнің құрметті азаматы» атағы беріліпті. 2014 жылы дат режиссері Питер Энтонидің Петровқа арналған «Әлемді құтқарған адам» фильмі жарыққа шықты. Онда подполковник өзін өзі сомдаған. Сонымен қатар картинаға Кевин Костнер, Роберт Де Ниро, Мэтт Дэймон, Эштон Катчер сияқты танымал актерлер түсті. 2006 жылы БҰҰ-на оны «Ядролық соғысты тоқтатқан адам» деп атап, 2013 жылы ол қомақты қаржы көлемінде сыйақыға ие болды.  Оған келген жүздеген журналистер тізімінде, орыс журналистерінен үшеу ғана екен. Ал қарт полковник өлер-өлгенше «Мен тек міндетімід ғана атқарғанмын»,-деп қарапайым ғана жауап беріп келіпті.
Бір сөзбен айтқанда, 1983 жылдың 26 қыркүйегінде үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтануы әбден мүмкін еді. Алайда, кезекші офицер ядролық соғыстың алдын алып, әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстан құтқарған. Станислав Петров адамдармен көп араласпайтын, көп сұхбаттар бере бермейтін адам болған. 2017 жылдың мамыр айында ол Фрязина қаласында көз жұмған және оның өлімі елеусіз қалды. Тек қыркүйек айында ғана оның өлімі жайында кездейсоқ біліп  неміс басылымдары хабарлаған.

Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату