Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 17:10 / Перизат Ілес / Білім

Елордада Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті

Бүгін Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті. Іс-шараға шетелде білім алуға ниетті жастар мен олардың ата-аналары қатысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Елордада Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті

Аталған шара — әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға. Қатысушылар оқу орнының ерекшеліктерімен танысып, оқуға түсу шарттары, бағдарламалар мен болашақ мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша:
«Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы — Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл — еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы».

Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:

• Әлемдік QS рейтингі бойынша 186-орын
• «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша — Ұлыбританияда 1-орын
• Білім беру, инженерия және геология саласында — әлемнің ТОП-150 қатарына енеді
• Британдық түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша — 12-орын
Астанадағы филиалдың артықшылықтары:
• Оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі
• Ұлыбританиядан шақырылған білікті профессорлар дәріс оқиды
• Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде жоғары білім саласына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл салада жүргізіліп жатқан әрбір қадам – Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарымен тығыз байланысты және ел басшылығының жіті бақылауында.
Айта кетейік, биыл Лондон мен Бакуден кейін, 2025 жылғы 28–29 сәуір күндері Пәкістан астанасы Исламабадта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Study in Kazakhstan көрмесі мен Қазақстан – Пәкістан университеттер форумы табысты өткен болатын.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату