Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қостанайда бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді

Қостанай облысындағы Қызылту ауылында ірі қара малдан бруцеллез дерті анықталып, ауыл аумағында шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қостанайда бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді
Фото: ашық дереккөзден

«Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденов ауылдық округіне қарасты Қызылту ауылында ірі қара малда бруцеллез ауруы тіркелуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы» – делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған әкімдік қаулысының жобасында.

«АПК Новости» агенттігінің дерегінше, 2025 жылдың ақпанында осы облыстың Қарабалық ауданындағы бір шаруа қожалығында да бруцеллез анықталған болатын. Оған дейін, қаңтар айында, Амангелді ауданында орналасқан мал шаруашылығы кешенінде де осы ауру тіркелген.

Мал дәрігерлері бұл індетке қатысты дабыл қағып келе жатқандарына бірнеше жыл болғанын айтады. Олардың сөзінше, бруцеллезбен күрес ережелері әр бес жыл сайын өзгертілгенімен, тиімді нәтиже байқалмай отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату