weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Руслан Берденовтың жағдайы белгілі болды

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Руслан Берденовтың жағдайы белгілі болды
фото: instagram.com/ruslan berdenov

Ақмарал Әлназарова  Берденовтың ауруханадағы жағдайын айтты. 

«Оның жағдайы - тұрақты ауыр. Ауруханаға түскен кезде хирургтардың екі бригадасы төрт сағат бойы медициналық шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалды, жағдайы тұрақталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Әзірге дәрігерлердің бақылауында», - деді Әлназарова Үкіметте өткен брифингте.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кеткен болатын.