Мұндай мәліметті Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты келтірді. Бұл 1988 жылдан бергі ең үлкен өсім болды. Сондай-ақ, жер бетіндегі әр адамға шаққандағы әскери шығын 1990 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке — 334 долларға жетті.
Әлемдік шығындардың 80%-ы (2,185 трлн доллар) және жалпы өсімнің 79%-ы 15 елдің үлесіне тиесілі. 2024 жылы әскери шығындарын ең көп арттырған елдер — Израиль (+65%) және Ресей (+38%). Сарапшылар мұны Украинадағы және Газа секторындағы қақтығыстармен байланыстырады.
Әлемде қорғанысқа ең көп қаржы жұмсайтын бес елдің тізімі аздап өзгергенімен, алғашқы үштік өзгеріссіз қалды.