Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тағы бір әйелдер вагоны іске қосылды

Ұлттық тасымалдаушы №614/613 Орал – Маңғыстау бағытында әйелдер вагонын іске қосады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Тағы бір әйелдер вагоны іске қосылды
Фото: қтж

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осындай купеде сапарға шығу мүмкіндігі 1 маусымнан бастап пайда болады.

"Әйелдер вагонына билеттер тек әйелдерге сатылады, ал бұл вагонда тек әйел-бригадирлер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, «әйелдер купесінде» жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі. Әйелдер вагонына билеттерді вокзал кассаларынан сатып алуға болады, бұл кезде кассирге орын таңдауға қатысты арнайы өтініш жасау керек немесе bilet.railways.kz сайтынан онлайн түрде алуға болады. Онлайн сатып алу кезінде "ЖН" (әйелдер вагоны) деген аббревиатураға назар аудару қажет, ол билет тек әйелдер вагонына арналғанын білдіреді", – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Қандай қазақстандық пойыздарда әйелдер купесі бар

Жаңа вагон енгізілгеннен кейін «әйелдер вагоны» қызметі ұсынылатын бағыттар саны 12-ге жетеді. Әйелдерге арналған вагондар мына бағыттарда жүреді:

№77/78 Алматы – Маңғыстау;

№351/352 Алматы – Маңғыстау;

№45/46 Павлодар – Түркістан;

№37/38 Маңғыстау – Семей;

№47/48 Атырау – Астана;

№33/34 Ақтөбе – Алматы;

№4/3 Астана – Алматы;

№71/72 Астана – Шымкент;

№354/353 Астана – Семей;

№24/23 Ақтөбе – Алматы;

№25/26 Алматы – Шымкент;

№614/613 Орал – Маңғыстау (1 маусымнан бастап).

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату