Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Дәурен Кеңбеил ХВҚ мен ДБ көктемгі кездесулеріне қатысты

22–24 сәуір күндері ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің (ДБ) көктемгі кездесулеріне қатысты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Дәурен Кеңбеил ХВҚ мен ДБ көктемгі кездесулеріне қатысты

Сапар аясында ол ХВҚ-ның Швейцариялық тобының жиналысына қатысып, ұйымның Басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Басқосуларда әлемдік экономикадағы өзекті мәселелер мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланды.

Дәурен Кеңбеил сондай-ақ ДБ Еуропа мен Орталық Азия бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен, Көпжақты инвестициялық кепілдік агенттігінің вице-президенті Джунаид Камал Ахмадпен, Халықаралық қаржы корпорациясының аймақтық директоры Вебке Шломермен кездесті. Кездесулерде экономикалық әріптестікті дамыту, алдағы 5 жылға арналған жаңа стратегия әзірлеу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен бірге JP Morgan, Morgan Stanley секілді ірі инвестициялық компаниялар және S&P, Fitch рейтинг агенттіктерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату