Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркияда ер адам операциядан кейін ана тілін ұмытып қалды

Түркияда Конья қаласының 67 жастағы тұрғыны тізесіне ота жасап, кейіннен қан тамырлары бітеліп қалған соң, ана тілін ұмытып, тек дат тілінде сөйлей бастаған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркияда ер адам операциядан кейін ана тілін ұмытып қалды

Операциядан кейін ер адамның оң қолы мен аяғы әлсіреп қалған. Дәрігерлер шұғыл ангиография жасап, тромбты алып тастады, бірақ науқас кейіннен дат тілінде сөйлей бастады. Ведомствоның мәліметінше, ол Данияда 20 жыл тұрып, кейін Түркияға оралып, осыдан 10 жылдай бұрын Конияда тұрақтаған.

Кониядағы Селчук университетінің медицина факультетінің докторы Гөкхан Өздемир артерия бітеліп қалғаннан кейін науқас тілдерді ұмытып немесе өзі білмейтін тілдерде сөйлей бастаған жағдайлардың болуы мүмкін екенін атап өтті. Дәрігер жақын арада ер адамның түрік тілінде қайта сөйлейтінін болжайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату